Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы
(2020.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 1 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.11.11. № 655 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.01. № 104 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.11.11. № 655 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.14.03. № 118 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.16.05. № 210 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.30.04. № 170 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;