Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕТІН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІ...

Информация о документе
Датачетверг, 31 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 31 марта 2022

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы

(2022.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;

2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 686 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 12 наурыздағы

№ 320 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру

 қағидалары

 

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом