Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 309/9 Қаулысы
(2015.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015.17.07. № 211/7 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2014 жылғы 21 маусымда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 21 маусымда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
3-бөлімнің 8-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: