«Салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты кейбір мәселелер бойынша» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 662 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты кейбір мәселелер бойынша» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салықтық берешегін өтеу туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін өтеу кезінде мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық төлеушінің салық агентінің салықтық берешегін өтеу кезінде мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлікті түгендеу актінің күшін жою туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;