Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешімі
(2021.08.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VІ «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7989 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021.01.02. № 3/15-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.02.03. № 4/19-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.08.04. № 7/49-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 47 519 696,6 мың теңге:
салықтық түсімдер - 23 899 432,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 92 049,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 206 951,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 20 321 264,6 мың теңге;
2) шығындар - 51 018 305,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -146 039,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 35 004,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 181 043,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 352 569,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 352 569,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 5 008 498,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 951 454,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 295 525,7 мың теңге.