Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 739 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 73 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2015 жылғы 7 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 739 бұйрығымен
бекітілген
Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу қағидалары 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды: