«Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 94 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 194 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1046 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 94 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті осы бұйрықты салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, танысуға және таратуға тиіс.
Согласовано
26.04.2024 09:47 Шаймаганбетов Еркин Нурабаевич
Подписано
26.04.2024 09:49 Нурбек Саясат
[[QRCODE]]
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2024 жылғы 26 сәуірдег
і № 194 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2023 жылғы 6 наурыздағы
№ 94 бұйрығына қосымша
Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын
ұйымдардың тізбесі
| № р/н | Атауы |
| Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |