«Отбасы және балалар саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № А-7/298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-5/170 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/81 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № А-7/298 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4917 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;