Введите номер документа
Прайс-лист

«Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 25 апреля 2017
Дата последнего изменениячетверг, 30 марта 2017

Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 330 бұйрығы

 

«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидалары бекітілсін.

2. «Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10660 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 сәуірде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстеан Республикасының

 Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы 30 наурыздағы

№ 330 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом