Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығы
(2025.16.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.28.07. № 212 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Дене шыныктыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 65-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың
чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.28.07. № 212 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)