Введите номер документа
Прайс-лист

«Кентау қаласында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 308 шешiмi (2022.04.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 17 октября 2019
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 января 2024

Кентау қаласында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы № 308 шешiмi

(2022.04.02. берілген өзгерістермен)

 

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 65 шешiмiмен күші жойылды

 

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2022.04.02. № 113 шешiмiмен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 189 «Кентау қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2830 тіркелген, 2014 жылғы 25 қазандағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. «Кентау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом