Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығы
(2021.20.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.20.05. № 473 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабы 3-тармағына, 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына, 141-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген сомасы, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай:
1) 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10989 тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12614 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.