Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы
(2023.14.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.06. № 186 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 112) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ш. Каринова |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 377 бұйрығына
қосымша
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.06. № 186 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)