Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірде № 157 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 7ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 39 – бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 157 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің
тізбесі
| № | Оқшау су құбырының атауы |
| Абай ауданы |
| 1. | «Қарауыл» оқшау су құбыры |
| Аягөз ауданы |
| 2. | «Баршатас» оқшау су құбыры |
| 3. | «Қосағаш» оқшау су құбыры |
| 4. | «Мәдениет» оқшау су құбыры |
| 5. | «Бидайық» оқшау су құбыры |
| 6. | «Елементау» оқшау су құбыры |
| 7. | «Айғыз» оқшау су құбыры |
| 8. | «Бозай» оқшау су құбыры |
| 9. | «Нарын» оқшау су құбыры |
| 10. | «Майлин» оқшау су құбыры |
| 11. | «Ақши» оқшау су құбыры |