Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығы
ҚР Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 219 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 19-2/510 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11862 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мминистрдің міндетін атқарушы | К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 37 бұйрығына
1-қосымша