Введите номер документа
Прайс-лист

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 236 бұйрығы (2025.22.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 20 июня 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 6 июля 2024
Дата последнего измененияпятница, 22 августа 2025

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 236 бұйрығы

(2025.22.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025.06.08. № 310 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 219-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдаланудың қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

 

Ч. Аринов

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом