Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫ САЙЛАУ ТӘРТІБ...

Информация о документе
Датапонедельник, 22 октября 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 22 октября 2007

Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері осы бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық (қалалық) бөлімдеріне жеткізсін.

4. «Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 923 бұйрығының (№ 3254 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 22 қазандағы

№ 501 бұйрығымен

бекітілген

 

Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің

үлгілік ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері (бұдан әрі - Ережелер) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом