Жаңарту және броньннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 Қаулысы
(2022.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он үн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2018.09.08. № 486 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.09.02. № 56 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік
материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Азаматтық қорғау туралы» Заң) 94-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік әсер ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру үшін шығару жағдайларын қоспағанда, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: