Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 49 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 4 және 6-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2025 жылғы 7 - 30 сәуір аралығында орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі - ББЖМ) жүргізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында Қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің уәкілетті өкілдерінің (бұдан әрі - Министрліктің уәкілетті өкілдері) тізімі бекітілсін.
3. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» ақционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Талдау» АҚ) (М. З. Аманғазы):
1) осы бұйрықта белгіленген мерзімде орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастырсын және электрондық форматта өткізуді қамтамасыз етсін;
2) тестілеуге қатысатын орта (бастауыш, негізгі орта) білім беру ұйымдарына ББЖМ рәсімдері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
3) 2025 жылғы 16 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі - Комитет) өңірлер және білім беру ұйымдары бөлінісінде ББЖМ нәтижелері туралы статистикалық деректерді ұсынсын;
4) Комитетке 2025 жылғы 13 маусымға дейін ББЖМ қорытындылары бойынша статистикалық деректер жауаптарының талдауын және өңдеуін ұсынсын.
4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының басшылары: