Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысы
(2016.25.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін
өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 265 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төрағаның орынбасары |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі; |
мына:
| «Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
| Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі |
| Жұмабаев Ермек Жианшаұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: