«Жануарлардың шектеу iс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 464 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгiленетiн жұқпалы ауруларының тiзбелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 269-273 (27347) сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген карантин белгiленетiн жануарлардың жұқпалы ауруларының тiзбесi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;