Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 Қаулысы
(2023.16.07. берілген өзгерістермен)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің 2023.28.02. № 89 Қаулысымен (2023 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.30.06. № 273 Қаулысымен (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 314 қаулысына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Мамандықтардың коды және атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылында бір білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) |
| 2022 жыл | 2023 жыл |
| 1 | 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 324 | 135 600 | 281 509 |
| 2 | 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 237 | 135 600 | 281 509 |
| 3 | 01140500 Дене тәрбиесі және спорт | 289 | 135 600 | 281 509 |