Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығы
(2025.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 221-бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.