ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 239 бұйрығына
5-қосымша
Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар
және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған
нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну
қағидасы
1. Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы осы қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 262-бабына сәйкес әзірленді және жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Жеке тауарларын сақтау қоймаларына келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сақтауда тұрған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған бақылау және есепке алуды жеке тауарларын сақтау қоймалары иелері келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебін жүргізуге және кеден органына ұсыну үшін есеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жолымен жүзеге асырады.