Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы куәліктің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік куәліктің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы куәліктің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес біліктілік беру туралы сертификаттың нысаны;