2025 - 2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 172/29 шешімі
(2025.28.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025.05.02. № 186/31 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.05. № 201/34 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.07. № 215/36 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025.15.08. № 217/37 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.09. № 222/38 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.11. № 239/42 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20649491 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 14866088 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 64007 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2088673 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3630723 мың теңге;
2) шығындар - 17121504 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -158675 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 55804 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 214479 мың тенге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 315292 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 315292 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;