Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру» осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;