Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 70-НҚ бұйрығы
(2023.20.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 26-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 5 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұртшылықпен байланыс басқармасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ішкі қауіпсіздік басқармасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес персоналды басқару қызметі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бюджеттік жоспарлау басқармасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп басқармасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес құқықтық қамтамасыз ету басқармасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы;