Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 9 декабря 2016
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 ноября 2017

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 бұйрығы

 

ҚР Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұрықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом