Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-82 шешімі
Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-177 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихатының
2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 14-82 шешіміне қосымша
Жетісу облысында ортақ су пайдалану
ережелері
1. Осы Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысында ортақ су пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.