Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,1 км орналасқан сұралып отырған жер учаскесіндегі Ертіс өзенінің (оң жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 297 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,1 км 05-068-021 есеп кварталында орналасқан сұралып отырған жер учаскесіндегі Ертіс өзенінің (оң жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Березовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,1 км 05-068-021 есеп кварталында орналасқан сұралып отырған жер учаскесіндегі Ертіс өзенінің (оң жағалау) су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.