Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 494-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 227-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ереже «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіби қалыптастыруға елеулі үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.