Дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 119 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 119 бұйрығымен бекітілген
Дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторлар
тізбесі
| № | Нысаналы индикатордың атауы | Өлшем бірлігі | Деректер түрлері (ресми статистикалық ақпарат, халықаралық статистика, әкімшілік деректер) | Деректер көздері (ақпараттық жүйе, ресми статистикалық ақпарат, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар, ведомстволық байқаулар негізінде алынған, әлеуметтік зерттеулер және сауалнамалар) |