Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 43/01 Қаулысы
Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 81/01 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі
Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті