Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 152 шешімі
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 468 405 752,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 34 765 513,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 233 322,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 64 416,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 427 342 499,8 мың теңге;
2) шығындар – 471 041 388,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 776 978,4 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 14 776 952,2 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 999 973,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 883 085,5 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 1 883 085,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 295 699,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 295 699,8 мың теңге.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 515 014,8 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байқадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2022 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 152 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2021 жылғы «13» желтоқсандағы
№ 72 шешіміне 1-қосымша
2022 жылға арналған облыстық бюджет
| Санаты | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Iшкi сыныбы |
| | | | Атауы |