2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 72 шешімі
(2022.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2022.04.05. № 106 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 113 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.07.09. № 132 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.14.10. № 149 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.13.12. № 152 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 468 405 752,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 34 765 513,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 233 322,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 64 416,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 427 342 499,8 мың теңге;
2) шығындар – 471 041 388,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 776 978,4 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 14 776 952,2 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 999 973,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 883 085,5 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 1 883 085,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 295 699,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 295 699,8 мың теңге.
2. 2022 жылға арналған аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша бюджеттерінен:
Арал ауданынан – 50%;
Қазалы ауданынан – 50%;
Қармақшы ауданынан – 50%;
Жалағаш ауданынан – 50%;
Сырдария ауданынан – 50%;
Шиелі ауданынан – 50%;