Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 Қаулысы
(2020.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 301 қаулысымен бекітілген
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2014.07.11. № 1180 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.15.07. № 518 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.23.10. № 704 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, «Халықтық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-бабына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес әзірленді.