Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығы
(2025.19.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.27.06. № 107 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының спорттық әдебі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі | А. Раимкулова |
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.27.06. № 107 бұйрығымен спорттық әдебі жаңа редакцияда (2025 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 28 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының спорттық әдебі
1-тарау. Жалпы ережелер