Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 993 бұйрығы
(2024.19.10. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 13 қарашадығы
№ 993 бұйрығымен
бекітілді
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Қаржы министрінің 2024.04.10. № 666 бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)