2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/154-VIII шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 358 639 121,0 мың теңге:
салықтық түсімдер - 13 248 478,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 084 173,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 342 306 470,0 мың теңге;
2) шығындар - 357 797 196,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 5 677 612,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 219 382,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 541 770,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 835 687,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 835 687,0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 9 888 632,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 052 945,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0,0 мың теңге.
2. 2025 жылға:
Бородулиха ауданының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 60 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 62 пайыз;
Семей қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 96 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 96 пайыз;
Курчатов қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 95 пайыз, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы - 94 пайыз;