Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТІК КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ...

Информация о документе
Датапятница, 14 апреля 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 14 апреля 2017

Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына жеткізіуді;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

 

Е. Біртанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом