Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы
(2013.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім (Қ.Қ. Бөрібеков) департаменттері осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013.09.07. № 263 бұйрығымен нормалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру
нормалары
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ОЙЫНШЫҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ТІЗІМІ
| № | Ойыншықтардың атауы | Сәби жас (1-2 жас) топта 10 бала | Кіші жас (2-4 жас) топта 20 бала | Мектепке дейінгі жас (4-5 жас) топта 25 бала | Мектеп алды жасы (5-6 жас) топта 25 бала |
| I. Дидактикалық ойыншықтар |