Введите номер документа
Прайс-лист

«Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығы (2024.21.01. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 31 марта 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 24 апреля 2017
Дата последнего изменениявоскресенье, 21 января 2024

Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығы

(2024.21.01. берілген өзгерістермен)

 

«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикаы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы 31 наурыздағы

№ 346 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының сот сарапшыларының біліктілігін арттыру

 қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңына сәйкес және сот сараптама органдарының сот сарапшыларының (бұдан әрі - сот сарапшылары) және лицензия негізінде сот-сарапшылық қызметті жүргізетін тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиаттар) біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Сот сарапшыларының және лицензиаттардың біліктілігін арттыру сот сарапшылары және лицензиаттар ретінде өз функцияларын орындауға қажетті кәсіби білімін мен машығын дамыту мен тереңдету мақсатында жүзеге асырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом