Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ.Есентаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 42 бұйрығымен
бекітілген
Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау
бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене
шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша
спортшылардың жас шамасы
| № | Спорт түрлері | Балалар жасы (жас) | Жасөспірімдер жасы (жас) | Юниорлар жасы (жас) | Жастар жасы (жас) | Ересектер жасы (жас) |
| ұлдар | қыздар | жасөспірім ұлдар | қыздар | юниорлар | юниориктер | ерлер | әйелдер | ерлер | әйелдер |
| 1. Жазғы олимпиадалық спорт түрлері |
| 2. | Бадминтон | 6-10 жас | 6-10 жас | 18 жасқа дейін | 18 жасқа дейін | - | - | 28 жасқа дейін | 28 жасқа дейін | 29 жастан | 29 жастан |