Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ««МАМАНДЫ ЖҰМЫСҚА ЖІБЕРУ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН Ж...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 10 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 10 ноября 2025

«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығы

(2025.10.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 ж. 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025.20.10. № 485 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025.20.10. № 485 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами