2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 268/2 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | Б. Бакауов |
Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 268/2 қаулысына
қосымша
2019 - 2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Р/с № | Мамандықтың коды, атауы | Біліктіліктің коды, атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны) | Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК |
| 1 | 1201000 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 1201072 Автокөлікті жөндеу слесарі | 15 | 630000,00 |
| 2 | 1504000 Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 1504062 Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист | 20 | 630000,00 |
| Барлығы: | | 35 | |
| «Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК |
| 3 | 1504000 Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 1504062 Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист | 15 | 630000,00 |
| 4 | 1504000 Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 1504012 Бухгалтер | 20 | 630000,00 |