Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығы
(2025.21.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 637 тіркелген, «Кондоминиум объектісін тіркеу жөніндегі уақытша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 75 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2007 жылғы 14 қыркүйек
ҚР Әділет министрінің 2020.15.06. № 103 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 241 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Әділет министрінің 2024.13.05. № 411 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2025.30.06. № 355 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)