Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығы
(2019.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікті сатып алу ҰҚК-ге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Комитет Төрағасы | Н. Әбіқаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___» ________
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017.08.09. № 76/қе бұйрығымен нормалары өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019.30.12. № 104/қе бұйрығымен нормалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 41 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен
және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету
нормалары