Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҢШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМ...

Информация о документе
Датачетверг, 10 августа 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 10 августа 2017

Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығы

(2017.10.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны бекітілсін.

2. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 246-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8648 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом