Введите номер документа
Прайс-лист

«Пойыздар қозғалысымен байланысты терминдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 302 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 19 сентября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 7 октября 2025
Дата последнего измененияпятница, 19 сентября 2025

Пойыздар қозғалысымен байланысты терминдерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 302 бұйрығы

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған пойыздар қозғалысымен байланысты терминдер бекітілсін.

2. «Поездар қозғалысына байланысты терминдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 124 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

М. Қалиақпаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім

Министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің

міндетін атқарушысының

2025 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 302 бұйрығымен бекітілген

 

 

Пойыздар қозғалысымен байланысты терминдер

 

1. Автоматты локомотивтік сигнализация - аралықта пойыздар қозғалысы кезінде локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын жүйе, ал бөлек пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе.

2. Аз әрекетті учаскелер - жолаушылар және жүк пойыздарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшерi тәулiгiне 8 жұптан артық болмайтын учаскелер.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами